"Әжеміз өмірден өткен соң армандап еді". Блогер күйеуіне тосын сый жасады

Танымал блогер Әйгерім Абдуллаева күйеуі Әділге тосын сый жасап қуантты. Ол жолдасының арманын орындап, қажылыққа баруға жолдама сыйлады- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, қажылыққа бару жолдасының асқақ армандарының бірі болған. Ол әжесі өмірден өткен соң, қасиетті мекенге одан да бетер қатты барғысы келген. 

 "Әжеміз қайтқаннан кейін Әділдің арманы еді. Умраға жолдама сыйладым, Алла тағаланың қолдауымен. Енді оны керемет сапар күтіп тұр", - деп жазды блогер.

Әділ әйелінің тосынсыйына қатты қуанып, оған алғысын білдірді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!