"Шара қабылданады". Аида Балаева "Қазақфильмдегі" дауға қатысты мәлімдеме жасады

"Шара қабылданады". Аида Балаева "Қазақфильмдегі" дауға қатысты мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қазақфильмдегі" дауға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қазақфильм" айналасында болып жатқан мәселелер жайында айта кеткім келеді. Шынында да, қазір біз айналысып жатқан жүйелі мәселелер бар. Осыған байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданады. Аты аңызға айналған "Қазақфильмнің" бұрынғы даңқы көп ұзамай оралатынына сенімдімін. Алдағы уақытта сапалы фильмдер түсіріп, көрерменді қуанта береді деп ойлаймыз", - деп жазды ведомство басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында кейінгі күндері қытайлық көліктер қаптағанын хабарлаған едік. 

Актер Қуандық Дүйсенбаев бұған наразылық білдіріп, киностудиядағы басқа да проблемаларды айтты. Ол Шәкен Айманов атындағы киностудияның онсыз да хәлі мүшкіл кезде оның аумағын оңды-солды пайдалану қисынға келмейді деп отыр.

Ал Азамат Сатыбалды бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда "ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі" деп әңгімені қысқа қайырған. Ол мұндай қадамға қарамағындағы 178 адамның жалақысын тауып беру түрткі болды дейді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан