Мусин неліктен электрмобильден бас тартты? Министрлік түсіндірді

Мусин неліктен электрмобильден бас тартты? Министрлік түсіндірді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомство басшысы Бағдат Мусиннің электрокөліктен неге бас тартқанына жауап беріп, көлікті жалға алу құнына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Autо-ға сілтеме жасап.

2021 жылы Бағдат Мусин өзінің қызметтік Mercedes көлігін экологиялық таза әрі арзан электромобильге ауыстырғанын айтқан еді. Министрдің сөзінше, бұл көлікпен жанармайды ғана емес, техникалық қызмет көрсету жағынан да үнемдеуге болады. Мұндай көлікті жүру Mercedes қарағанда 60-70 пайызға арзан.

Алайда, биыл БАҚ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі жанармай қозғалтқышы бар Kia K9 көлігімен жүргенін хабарлады. Сондай-ақ министрлік көлік шығынына 63 миллион теңге жұмсағанын да айтылды.

Ведомствоның баспасөз қызметі министр мен вице-министрлердің қатынауына жұмсалатын шығындар басқа орталық мемлекеттік органдармен бірдей екенін хабарлады, өйткені министрліктің бәрінде көрсетілетін қызметті беруші ұсынатын тарифтер бірдей.

"Қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету, оған жүргізушімен қызмет көрсету бойынша барлық шығын қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылды", - деп түсіндірді ведомство.

Сондай-ақ, Астананың ызғарлы қысында электрокармен жүру шенеуніктерге қолайсыздық тудыратыны белгілі болды.

"Астанадағы қолайсыз ауа райында және байланыс желілерін дамыту және интернет сапасын тексеру үшін шалғай ауылдарға жұмыс сапарына байланысты ішкі жану қозғалтқыштарымен жабдықталған автокөлік электромобильге қарағанда сенімдірек көлік", - деп атап өтті министрлік.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан