Асхат Оразбай Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Асхат Оразбай Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Фото: ©QazaqGeography

Асхат Оразбай Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін ол Қазақстанның Ирандағы елшісін қызметінен босатылған еді. 

Айта кетейік, Асхат Оразбай бұл қызметке 2019 жылы тағайындалған. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек