Лауазымды тұлғалар Алматыдағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңге жымқырған

Лауазымды тұлғалар Алматыдағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңге жымқырған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Лауазымды тұлғалар Алматыдағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңге жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас көлік прокуратурасы мәліметінше, "Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталған.

"Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 миллиард теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық ісматериалдары сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы метросында жол жүру ақысын биометрия арқылы төлеуге болатыны хабарланды. Бұл - бетті тану технологиясының көмегімен жол ақысын төлеу.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова