Түнде бұл қалыпта ұйықтасаңыз қорқынышты түс мазалауы мүмкін

Түнде бұл қалыпта ұйықтасаңыз қорқынышты түс мазалауы мүмкін
Фото: elements.envato.com

Кейбір адамдар түнде жайсыз түс көріп, шошып оянады, салдарынан келесі күні көңіл-күйі болмай немесе ұйқысы қанбай жүреді. Ал қорқынышты түс сіздің ыңғайсыз қалыпта жатқаныңыздың нәтижесі екенін білесіз бе? Ұйқы қалпы мен стресс деңгейі өзара байланысты, сондықтан ұйықтар алдында дұрыс қалыпта жатқаныңызға сенімді болғаныңыз жөн.

Сомнологтардың айтуынша, адам күнде түс көреді, бірақ егер ол қатты әрі тыныш ұйықтап жатса, түс туралы ұмытып кетеді. 

Қорқынышты түстің себебі бөлменің ауасы болуы да мүмкін, сол себепті ұйықтауға дайындалу кезінде терезені ашып, бөлме ауасын желдетіп алған дұрыс. Тыныш ұйықтауға ең қолайлы ауа температурасы шамамен 20-22 градус. 

Қорқынышты түс көруге түрткі болатын тағы бір себеп, ыңғайсыз қалыпта ұйықтау. 

Мысалы, ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, сол жақ бүйірмен жатқан адамның жайсыз түс көру ықтималдылығы жоғары. Ғалымдар 19 бен 60 жас аралығындағы 45 ер адам мен 18 әйелге тәжірибе жүргізген. Тәжірибеге қатысушылардың ұйқысын бақылау арқылы ғалымдар сол жақ бүйірмен ұйықтағандардың қорқынышты түс көру ықтималдылығы 41 пайыз, ал оң жақ бүйірмен ұйықтағандардың 15 пайыз екенін анықтаған.

"Сол жақ бүйірмен ұйықтаудың қорқынышты түспен байланысты болуы мүмкін, өйткені бұл қалып жүрекке үлкен стресс түсіреді. Ал стресстен ұйқы сапасы нашарлап, адам түс көреді", - деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі Тереза Чеунг.

Себебі мұндай қалыпта жүрек оңға және солға жылжиды, ал оң жақ бүйірмен ұйықтаса жүрек қызметінде ешқандай өзгеріс болмайды. 

Ал жүрегі ауыратын адамдарға сол жақ бүйірмен ұйықтау тіптен қауіпті. 

Айта кетейік, бұған дейін терапевт ішпен жатып ұйықтау неліктен зиян екенін түсіндірген болатын.

Дәрігердің айтуынша, ішпен жатып ұйықтау мойын, бел және жүрекке ауыртпалық түсіреді. 

Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, шалқасынан немесе бүйірмен бір жаққа қарап ұйықтаған дұрыс. Шалқасынан ұйықтау дене салмағы біркелкі бөлініп, ағза ауыр жүктеме сезбейтіндіктен дұрыс саналады. Ал бүйірмен ұйықтау арқаның ауыруын басуға көмектеседі. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Арықтау үшін күніне қанша қадам жүру керек?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә