Дененің мына бөлігінде жиналған май өлімге әкеп соқтыратын аурулардың қаупін арттырады

Дененің белгілі бір бөлігінде майдың жиналуы жүрек ауруы, қант диабеті және қатерлі ісіктің кейбір түрлері секілді ауыр аурулардың қаупін арттыруы мүмкін. Бұл туралы дәрігер Сара Берри мен профессор Дебора Клегг айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандардың сөзінше, іште жиналған май денсаулық үшін өте қауіпті. Әдетте әйелдерде май жамбасқа жиналып болғаннан кейін ішке өтеді.

Әйелдердің ішінде май жинала бастаған кезде қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, тіпті қатерлі ісіктің кейбір түрі сияқты ауруларға шалдығу ықтималдылығы артады. Себебі, іштегі май бауыр, жүрек, ұйқы безі және басқа да ішкі ағзаларға таралып, жиналуы мүмкін. Бұл ағзаның қабынуын тудырады, мысалы бауырға артық майдың жиналуы да осы іштегі майдан басталады.

Айта кетейік, бұған дейін бауырда жиналған артық майды қалай кетіруге болатыны хабарланған болатын. 

Бауырдың майлы ауруын емдеу үшін ең алдымен өмір салтын түзету керек. Ол үшін:

  • аптасына кемінде 150 минут физикалық белсенділік;
  • дене салмағын қалыпқа келтіру;
  • алкоголь мен бірқатар дәрі-дәрмектен бас тарту;
  • дұрыс тамақтану;
  • еңбек және демалыс режимін сақтау маңызды.

Науқас ас мәзірінен майлы ет, балық, консервілер, ысталған ет, оңай сіңетін көмірсулар, аспаздық майлар, шоколад және балмұздақ, какао, қара кофе, алкогольді алып тастауы шарт. Керісінше ас мәзірде майсыз ет, балық, көкөніс пен жеміс, жарма және қатты бидайдан жасалған макарон өнімдері секілді күрделі көмірсу болғаны дұрыс.

Тағы да оқи отырыңыздар: Биыл Ораза қашан басталады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!