Ер адам анасының күтушісін аяусыз ұрып, мұрнын сындырған

Ер адам анасының күтушісін аяусыз ұрып, мұрнын сындырған
Фото: Podrobno.uz

Күтуші болып жұмыс істейтін әйелді зейнеткердің ұлы ұрып, мұрнын сындырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Күтушінің хикаясын блогер Ислам Капарзо жариялады. Елена Шавалиева науқас әжені күтіп-баптаған. 7 қаңтарда әженің ұлы мас күйде келіп, күтішіні ұра бастады. Әйел қашып үлгерген. Ол құқық қорғау органдарына қоңырау шалып, жедел жәрдем мен учаскелік полиция қызметкерлерін шақырды. Учаске ер адамда бөлімшеге алып кеткенімен, оны таңертең босатты.

Зардап шеккен әйел туыстарының айтуынша, ер адам бұрын күтушіге қауіп төндірген, учаскелік полицей ер адамның агрессив мінез-құлқы туралы білген.

Ташкент ІІБ қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады. Ер адамға қасақана жеңіл дене жарақатын көздейтін айып тағылды (Қылмыстық кодекстің 109-бабы). Іс бойынша медициналық сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша бап қайта қаралуы мүмкін.

Жәбірленуші аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Шабуылдаушының ұсталып-ұсталмағаны белгісіз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек