Атыраулық жасөспірім қыз ұшақта темекі шеккен

Атыраулық жасөспірім қыз ұшақта темекі шеккен
Фото: elements.envato.com

Атыраулық жасөспірім қыз ұшақта темекі шеккен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік полициясы департаменті мәліметінше, қыздың жасы 15-те. Ұшақ Атыраудан Таразға қарай бет алған. SCAT компаниясының әуе рейсі келгеннен кейін қыз Тараз әуежайындағы полицияның желілік бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жолаушымен профилактикалық әңгіме өткізді.

Сонымен қатар, қыздың заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 10 АЕК айыппұл салынды (36 920 теңге – еск.).

Еске салайық, бұған дейін Шымкент - Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы есікті ашып жібергені хабарланды. Кейін жолаушыға айыппұл салынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова