- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақын Серікзат Дүйсенғазының...
Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған курортқа қатысты іс қалай жүріп жатыр?
Ақмола облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған "Елікті парк" тау-шаңғы курортына қатысты іс қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Елікті парк" тау-шаңғы курорты тұтынушылардың денсаулығына қатысты, талаптарға сай келмейтін қызмет көрсету салдарынан абайсызда адам өліміне және екі адамның денсаулығына зиян келтіргені бойынша, Ақмола облысының Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен ҚР ҚКнің 306-бабының 3-бөлігі, 306-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен №231156031000001 СДТБТ-да тіркелген қылмыстық-іс қозғалғанын хабарлаймыз", - делінген Полиция департаментінің Massaget.kz тілшісіне берген ресми жауабында.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс негізгі сот талқылауында.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сұратылып отырған өзге де ақпаратты жария ету мүмкін емес, өйткені бұл тергеу мүдделеріне қайшы келеді және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болуы мүмкін", - делінген ресми жауапта.
Еске салайық, былтыр 2 қаңтарда ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы Әлихан Көкшетаудағы демалыс орнында қайтыс болған.
Сондай-ақ, кейінірек Серікзат Дүйсенғазының ұлы ажал құшқан курортта тағы екі қыз жарақат алғаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина