Желіде Түркістандағы "Керуен сарай" маңында шарлар домалап бара жатқан видео тарады

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Түркістандағы "Керуен сарай" маңындағы видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда ғимараттың айналасына қойылған сәндік шарлар желден қозғалып, домалап бара жатқаны көрінеді.

@toremuratov_aidyn #түркістан #венеция #сігіліңтің #rek #рек ♬ оригинальный звук - Жиеналин Дастан

"Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешені өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл - 28 желтоқсанда болған жағдай. Түркістан қаласында қатты жел болып, салдарынан бірнеше нысанға залал келді. Кешен аумағына қойылған декорациялық домалақ шарлардың салмаға өте жеңіл. Бір адам дөңгелетіп алып кете алады. Жеңіл зат болған соң жел қозғап жіберген. Қазір барлығын қайтадан орнатып қойдық. Сәндік шарлар орнында тұр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2021 жылы 10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешені ашылды. Кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталды. Нысан 20,5 гектар аумақта орналасқан.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова