Көптен көрінбей кеткен МС Сайлаубек тойға шықты

Бір кездері халық арасында танымал болған, алайда кейін көрінбей кеткен МС Сайлаубек тойға шықты. Өнердегі танымал әншілер, әртістер Сайлаубектің тойдағы видеоларын жариялап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырауда "Сағыз" құрамасының ойыншысы Қуаныш Кеңестің тойы өтті. Тойға келген қонақтардың қатарында МС Сайлаубек те бар.

Танымал әзілкеш, әнші Қабдол Тілеков "МС Сайлаубек концертін беріп тастады", - деп жазды.

Айта кетейік, рэпер, Қазнет жұлдызы Сайлаубек Қабылхамит МС Сайлаубек деген лақапатпен танымал. Оның "Кимэнэ бэбак" атты әні хит болған еді.

Қазір ол Атырауда анасымен бірге тұрады, жаңа шығармашылық контент жасау үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Оның менеджерінің сөзінше, Сайлаубекті халық әлі күнге дейін жақсы көреді әрі таниды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!