Ер адамдағы тестостерон тапшылығының 6 негізгі белгісі

Ер адамдағы тестостерон тапшылығының 6 негізгі белгісі
Фото: Freepik.com

40 жастан асқан ер адамдарда тестостеронның деңгейі жыл сайын бір пайызға төмендейді. АҚШ-тың Майо клиникасының дәрігерлері бұл гормонның тапшылығын көрсететін негізгі белгілерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ағзадағы гормоналды өзгерістер қартаюдың табиғи бөлігі. Бұл кезең әйелдерде күрт басталады, ал ер адамдарда біртіндеп жүреді. 

Тестостерон деңгейі төмендегенінің негізгі белгілері:

  • Жыныстық құмарлықтың төмендеуі;
  • эректильді дисфункция (импотенция);
  • белсіздік;
  • кеудедегі ыңғайсыздық немесе оның ісінуі;
  • сүйектердің жұқаруы;
  • жиі ыстықтау мен тершеңдік.

Осындай негізгілерден басқа жалпы белгі де пайда болуы мүмкін. Мысалы, депрессия, энергия, зейін, ынта, өз-өзіне деген сенімділік, бұлшықет массасының төмендеуі, дене майының жоғарылауы, ұйқының бұзылуы және тағы басқа.

Айта кетейік, бұған дейін тестостерон дейгейін арттыруға көмектесетін 6 ереже хабарланған болатын. 

  • Спортзалға жазылыңыз;
  • Күн астында жиі жүріңіз;
  • Көбірек май жеңіз;
  • Алкогольді азайтыңыз;
  • Жеткілікті ұйықтаңыз;
  • Стресс деңгейіңізді тексеріңіз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жыртылған ақшаны қайда тапсыруға болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә