"1 ғасыр жасаған атам мықты". 100-ге толған қарияның тойы Қазнетті сүйсінтті

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде 100 жасқа толған қарияның мерейтойынан видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда балалары ән шырқап, зейнеткерді демеп алып келе жатқаны көрінеді. Жантебірентер көрініс көпті тәнті етті.

"100-ге келіп қуаныш тойын жасау сізге де бұйырсын!" - деп жазылған желідегі жазбада.

Желі қолданушылары да әдемі көрініске жылы лебіздерін жазды.

"Атау, Алланың берген жасын жасай беріңіз, аман болыңыз", "Жұғысты болсын бізге де", "Жасын берсін!!!", "Атаға Алла күш-қуат берсін", "Балаларына мың алғыс! Атам Алланың берген жасын жасасын", "Керемет бізге де осындай той жұғысты болсын", "1 ғасыр жасаған атам мықты, бірақ түсінбей тұрған сияқты ғой не боп жатқанын", "Керемет көрініс", - дейді олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова