Темекі тұқылын жерге тастағаны үшін қандай жаза қолданылады?

Темекі тұқылын жерге тастағаны үшін қандай жаза қолданылады?
Фото: Абай облысы ПД

Қазақстанда жерге тасталған темекі тұқылы үшін айыппұл қарастырылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар мұндай әрекет үшін жауапкершілік көзделгенін ескере бермейді. Ал Абай облысындағы осындай жайттарды Семей қаласының жедел басқару орталығының камералары анықтайды.

"Тұрғындар темекі шегіп, тұқылын жерге тастағаны камераларға түскен. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқықбұзушылар 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұсақ бұзақылық - азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығына қол сұғатын әкімшілік құқықбұзушылық. Ұсақ бұзақылықтың ең көп тараған түрі - балағат сөздер, адамдарды қорлау, қоғамдық орындардың ластануы", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова