"Есірткі қабылдаған болуы мүмкін". Ер адам дүкенде қызды қылғындырмақ болған

"Есірткі қабылдаған болуы мүмкін". Ер адам дүкенде қызды қылғындырмақ болған
Фото: Mash Telegram арнасынан алынған кадр

Қырғызстан азаматы Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы дүкенде қызға шабуыл жасап, оны тұншықтыра бастаған. Бұл туралы тергеу комитеті Telegram арнасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желіден 6 қаңтарда Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы дүкендердің бірінде Қырғызстанның тумасы бұрын таныс емес кішкентай қызға шабуыл жасағаны туралы ақпарат алынды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл жағдай баланы өлтіруге оқталу дерегі бойынша қозғалды. Тергеушілер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, куәгерлерден жауап алады.

Кейінірек Mash Telegram арнасында оқиғаның видеосы пайда болды.

РИА Новости мәліметінше, екі апта бұрын Ресейге келген ер адам дүкенде қызды қылғындыра бастаған. Қазір ол психиатриялық ауруханада, оған есірткі әсер еткен болуы мүмкін екені де айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова