Павлодар облысында шетелдік инвесторға 100 миллион теңге салық заңсыз есептелген

Павлодар облысында шетелдік инвесторға 100 миллион теңге салық заңсыз есептелген
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Павлодар облысында француз инвесторына 100 миллион теңге салықты заңсыз есептеген шенеунік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас прокуратура мен Kazakh Invest АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асырған Air Liquide атты француз инвесторының проблемасын анықтады.

Француз компаниясы газ өндіруде әлемдік көшбасшы болып саналады.

"Павлодар облысының салық органдары инвестордың атына 99,8 миллион теңге сомасына ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз енгізген. Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 3 күн ішінде хабарлама жойылды. Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде прокурорлар инвесторлардың 85 мәселесін шешті.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz