Қару-жарақты қолдан жасап жүрген 7 цех жойылды

Фото: ҰҚК

Қару-жарақты қолдан жасап жүрген 7 цех жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп заңсыз айналымнан, соның ішінде "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Оның қорытындысы бойынша, қарудың заңсыз айналымының 14 арнасы және оны қолдан жасау бойынша 7 цех жойылды.

51 Калашников автоматы, 192 мылтық, 165 тапанша, 45 граната, 2 гранатомет, 4 дана снаряд пен миналар, 7 жарылғыш құрылғылар және әртүрлі калибрдегі 36 870 патрон тәркіленді. Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина