Семейдегі цемент зауытынан өрт шықты

Семейдегі цемент зауытынан өрт шықты
Фото: Абай облысы ТЖД

Семейдегі цемент зауытында транспортер таспа өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

 "Барлау барысында әктас беру галереясында транспортер таспасы жанғаны анықталды. Өрт 390 шаршы метр аумақта оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

ТЖД мамандары өртенген жерден 50 литрлік 9 газ баллонын шығарған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 47 адамы, 13 бірлік техника жұмылдырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы