Павлодарда 21 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Павлодарда 21 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: "Vita" іздестіру тобы

Павлодарда 21 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

 "Vita" іздестіру тобының мәліметінше, сегізінші қаңтар күні Лесозавод шағын ауданының Грушевая көшесі, 1 мекенжайынан шыққан 21 жастағы қыз қайтып үйіне келмеген. Бойы – шамамен 150 сантиметр, дене пішімі арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Мұрнында мең бар. 

 

"Оның үстінде ұзын қара куртка, джинсы, қара бас киім қызғылтсары белгісі бар, сұр кеңжейде, қара угги аяқкиім болған", – дейді еріктілер.  

Жоғалған қызды көргендер болса, 8(747) 615-55-63 нөміріне немесе 8(777) 334-82-01 нөміріне хабарласа алады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы