Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Қазақстанның екі облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында - 1 учаске:

  • "Омбы-Майқапшағай" 910-1002-шақырым, Қалбатау а.-Көкпекті а. дейін - 92-шақырым. (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі).

Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске:

  • "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман кілттері" 6-166-шақырым, Ушанов а.-Алтай қ. - 160-шақырым (қар көшкінінің қаупі).

"Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 395 бірлік техника және 556 жолшы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз