WhatsApp-та "туыстар мен достарға тарат" делінетін хаттар қауіпті ме?

Қазақстандықтар WhatsApp арқылы достары мен таныстарынан мазмұны бірдей хаттар алып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл хатта WhatsApp-қа 15 жыл толғаны, осыған орай хабарламаны 10 танысыңызға жіберу керек екені айтылады. Сонда 900 жаңа смайлик беріледі екен. Алайда бұл хабарламаның WhatsApp-қа ешқандай қатысы жоқ.

Басылым мәліметінше, WhatsApp-тың ресми сайтында да қосымшаның іске қосылған күніне арналған ұтыс ойыны немесе жаңа смайликтер берілетіні туралы жаңалықтар жоқ.

"Мұндай хаттар бұрын да болған. ...Осы сияқты спам-хабарламалар әлі де бар. Бірақ олар енді WhatsApp-та тарап жатыр. Оның мазмұны әртүрлі болады. Кейде пайдаланушылардан жаңа вирусты ескерту үшін хабарламаны таратуды сұрайды, кейде алаяқтармен қорқытады, не болмаса қандай да бір сыйлықтар беруге уәде етеді. Мұндай хабарлама келсе, ең бастысы пайдаланушы одан әрі әрекет етуі үшін сілтемелер бар-жоғына назар аударған жөн. Егер хабарламада сілтемелер болмаса, онда ол қауіпті емес. Бұл жай ғана әзіл ретінде жасалып, қосымшада таратылатын мәтін. Мұндай спам қауіп төндірмейді. Бірақ онда жазылған 900 белгі туралы ақпарат та шынайы емес. Мұндай хабарламаға сеніп, оны таратпаған жөн", - делінген басылым мәліметінде.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!