Назарбаев жазушы Дулат Исабековті не үшін сотқа берген?

Назарбаев жазушы Дулат Исабековті не үшін сотқа берген?
Фото: Видео кадры

Танымал жазушы Дулат Исабеков "Адал адам" Youtube-арнасына берген сұхбатында Назарбаевқа қарсы болғаны және эк-президент не үшін жазушыны сотқа бермек болғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен өмір бойы Назарбаевқа қарсы болдым. Мені сотқа беремін деген, тілімді тартқан жоқпын. Жазушының принциптері болуы керек. Одан тайдың ба, жазушы емессің. Казправдаға "Ауыл уходит в небо" деген мемлекеттік жүйенің тас-талқанын шығарған мақалам шықты ғой. Ауылдың бәрін біткенін, қойшы таяғын ұстап қалды, механизатордың бәрін сатып жіберді, қолына балға ұстап қалды, тонады ғой бәрін. Бейне бір ертең осы елге ешнәрсе керек болмайтындай. Клубты, кинотеатрды, кітапхананы жойды, балабақшаны тоқтатты. Сол кезде мені Көшербаев шақырып алды. "Сені қазір Президент шақырады" деді. Кірдім, "отыр ана жерге" деді. Қорландым, қанша дегенімен, жазушымын ғой. Жазушы деген ұғымды қорлағандай көрінді. Сіз отырмай, отырмаймын дедім. "Мынау не?" деп бастады. "Біз мына мемлекетті тұрғызамыз деп әлек болсақ, сен тас-талқанын шығардың, сотқа беремін" деді. Беріңіз дедім. Комиссияны аппараттан құрмаңыз дедім. "Не деп сөйлеп отырсың, не деп көкіп отырсың" деді. Комиссия құрды, бірақ осы уақытқа дейін хабар жоқ қой", - деді ол. 

Дулат Исабеков - қазақстандық жазушы. Оның "Жолда", "Замандастар" атты жинақтары, "Бекет", "Ащы бал", "Мазасыз күндер", "Қара шаңырақ", "Тіршілік" сынды повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қарғын" романы бар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек