Жалпыға бірдей декларациялау: Туыстар мен достарға жіберілген мобильді аударымдар тексеріле ме?

Жалпыға бірдей декларациялау: Туыстар мен достарға жіберілген мобильді аударымдар тексеріле ме?
Фото: pixabay.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кәсіпкер болып тіркелмеген тұлғалардың мобильді аударымдары тексеріле ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Брифингте БАҚ өкілі вице-министрге "Туыс пен достардың түрі көп, оларға жіберілген қомақты мобильді аударымдар тексерілуі мүмкін бе?" деп сұрақ қойды.

"Егер азамат туыстары мен достарына ақша аударатын болса, оның сомасы жағынан қандай да бір шектеу жоқ. Оларды (кәсіпкер болып тіркелмеген-еск.) кәсіпкер ретінде қарамаймыз. Біз тек 100 әртүрлі адамнан алса, сол критерийлер бойынша қараймыз. Сондықтан мұндай тексеру болмайды", - деді Ержан Біржанов үкімет баспасөзінде өткен брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті "Такси жүргізушілерінің мобильді аударымдары тексеріле ме" деген сұраққа жауап берген еді.

Сондай-ақ Алматының Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасы өкілдері елдегі мобильді аударымдарға қатысты болатын өзгерістерді түсіндірді.

@massaget.kz

♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жасұлан Ордабаев

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz