Ақтөбе облысында көлге қамыс оруға барғандар көлігімен суға батып кетті (видео)

Ақтөбе облысында көлге қамыс оруға барғандар көлігімен суға батып кетті (видео)
Фото: Aqtobe_sergek парақшасынан

Ақтөбе облысында көлге қамыс оруға барғандар көлігімен суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Ақтөбе облысы Шалқар ауданында болды. Кеше сағат 16.00 шамасында үш адам ВАЗ-2110 жеңіл көлігімен Шалқар көлінің үстімен өткен сәтте мұз астына түсіп кеткен. Тұрғындар қамыс оруға барған.

Көлік ішіндегі 1980 және 1971 жылы туған екі адам өз күштерімен жағаға шыққан. Ал үшінші адам шыға алмай, суға батып кеткен.

Құтқарушылар аман қалғандарды жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды. Үшінші адам кешкі сағат 17.00 шамасында мұз астынан шығарылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті. Мұз жұқа болған жағдайда оның бетіне шығуға, топ болып жиналуға, ойықтарға жақындауға болмайды.

Кәмшат Қопаева

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz