"Нотаны білмейді". Әнші Толқын Забирова жас өнерпаздарға шүйлікті

"Нотаны білмейді". Әнші Толқын Забирова жас өнерпаздарға шүйлікті
Фото: instagram.com/tolkynzabirova

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова жас өнерпаздарға шүйлікті. Өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында "вокал" сабағын қажет етпейтін әншілерге назы бар екенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, кейбір жастар вокалды қажет етпейді екен.

"Заманауи өнерге еріп кеткен жас өте көп. Көбі ән айту үшін вокалдан ешқандай білім керек емес (дейді - еск.), жақсы бір продюсер табылса, сені алға жетелейтін адамың болса, әрине, сен бір жерден болмаса, бір жерден шығарың анық. Дегенмен арнайы вокалдан, дауыстан сабақ алу керек. Қазір блогерлердің заманы. Нотаны түсінбейтін әнші көп. Сольфеджио не екенін білмейді. Қазір әлеуметтік желіде "3-4 күнде немесе 3-4 сағаттың ішінде сіздерді әнші қыламыз" дегендерге таңғаламын. Жыл өте келетін, үйренетін нәрсе. Мықты әншілердің өзі 40-50 жасқа келгенде әнші болу ұғымын түсінеді. Бұл өнерге жауапкершілікпен, ақылмен келетін, саналары ашылған, расында, әнші боламын деп келетін әншілерге қуанамын", - дейді Толқын Забирова. 

Еске салайық, бұған дейін өзге ұлт өкілімен көңіл жарастырған әнші Толқын Забирова ол туралы құпиясын бөлісті. Толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы