Зейнетке шыққанда зейнетақы жинағын баспанаға немесе емделуге қалай пайдалануға болады?

Зейнетке шыққанда зейнетақы жинағын баспанаға немесе емделуге қалай пайдалануға болады?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Зейнеткерлер зейнетақы жинағының бәрін емделу мен үй сатып алуға пайдалана алады. Massaget.kz тілшісі 

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл мамырда жария еткен болатын. Яғни Әлеуметтік кодекске сәйкес, биыл 1 шілдеден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге зейнетақы жинақтарының барлық сомасын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге пайдалану құқығы берілді.

Зейнеткерлер тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жинақталған қаражатты пайдалану үшін www.enpf-otbasy.kz сайты арқылы немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады. 

Ал зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға ғана жүгіну керек. 

Яғни барлық пайдалану процесі - өтініш беру, құжаттарды ұсыну - уәкілетті операторлар (Отбасы банк және өзге де екінші деңгейлі банктер) арқылы жүзеге асады.  

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу сияқты әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығы берілгенін естеріңізге сала кетейік.

Келесі санатқа жататын адамдар осы құқықты пайдалана алады:

  • БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар "төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын соманың бір бөлігін пайдалана алады

Жас бойынша жеткілікті шек. Фото: Massaget.kz

  • зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40 пайыз болатын зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтары сомасының 50 пайызына дейін пайдалана алады;
  • өзіне зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар - БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде пайдалана алады.

Бұл норма жұмыс істейтін азаматтарға да, зейнеткерлерге де қатысты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина