Мешітте ер адам имамға пышақпен шабуыл жасады

Мешітте ер адам имамға пышақпен шабуыл жасады
Фото: ia-centr.ru

Ыстамбұлдағы Фатих мешітінде ер адам имам мен бір адамды пышақпен жарақаттады. Ол ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Провинция губернаторының баспасөз қызметі мәліметінше, О.Ш. есімді адам дүйсенбіде сағат 19.15 шамасында адамдардың алаңдаушылығын тудырып, "ұрандата" бастаған.

"Мешіт имамы Ғалип Уста ескерту жасап, ер адамнан мешіттен кетуін өтінді. Осыдан кейін О.Ш. имамға және Билал Ердемге (мешітте болған адам - еск.) пышақпен шабуыл жасап, оларды жарақаттады", - деп жазылған мәліметте.

Имам мен Ердем ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне қауіп жоқ. Шабуылдаушыны қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова