"Тыныш ұйықтай алмаймыз, үреймен өмір сүреміз". Елордаға іргелес Қосшы қаласының тұрғындары наразылығын білдірді

"Тыныш ұйықтай алмаймыз, үреймен өмір сүреміз". Елордаға іргелес Қосшы қаласының тұрғындары наразылығын білдірді
Фото: astana.tv

Елорда маңындағы Қосшы қаласының тұрғындары "Астана" телеарнасына шағымданған. Олардың айтуынша, екі күннің бірінде жарық өшеді. Жарықтың жоқтығынан ұрлық та көбейген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірнеше жыл бұрын ғана қала атауына ие болған аймақтың мәселесінің бірі – көше жарығы. Қалада негізі шам бар, бірақ не күндіз, не түнде жанбайды. 

"Көше жарықтары болмағаннан кейін Қосшы қаласындағы жеке үйлерде ұрлық өте көп. Кешке 6-7 кейін, қараңғы түскенне кейін көшеге шығуға қорқамыз. Далада жүре алмаймыз. Қазір күн ерте батады. Екінші ауысымда оқитын оқушылар сабақтан шығамын дегенше қараңғы түседі. Көше жарығы болмағаннан кейін балаларымыз үйге жеткенше ине үстінде отырамыз, - дейді тұрғындар. Себебін білу үшін жауапты маманмен тілдестік. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы түйіткілдің неден шыққаннын білмей састы. Тіпті, қалада қанша көше бар екенін айта алмады",- деді Құдайберген Қонарбай.

Қосшы қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Сағындық Мыңжасарұлының айтуынша, жарықтың шамасы жетпей жатыр.

"Қазірге РП-3-те жарықты қосуға токтың шамасы жетпей жатыр. Сол үшін біз көше жарығын сөндіріп тастадық", - деді ол.

Көшедегі шамнан бөлек, жұрт үйдегі жарыққа да жарымай отыр. Ал, жарық болмаса жылу да, су да жоқ. Үйлердің көбі көмір жақса, кейбірі электр қуатымен жылытатын жүйе орнатып алған. Демек көмір пешті үрлейтін сорғы да, су сорғысы да энергиямен жұмыс істейді. 

Жауаптылар жарық мәселесі осы айдың соңына дейін, ал газ 2025 жылға қарай толық шешіледі деп уәде берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы