Астанада 23 жастағы курьер есірткі сатумен айналысқан

Астанада 23 жастағы курьер есірткі сатумен айналысқан
Фото: polisia.kz

Астанада 23 жастағы тұрғын азық-түлік жеткізуші курьері боп алдап, елордада есірткі сатумен айналысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы операция барысында ұсталған күдікті бұрын сотты болғаны анықталды. Ол интернет арқылы есірткіге тапсырыс алып, содан кейін бүкіл Астана бойынша жеткізіп отырған.

"Жігіттен кокаин тәркіленді. Кейін оның пәтері мен көлігін тінту кезінде кокаин, мефедрон және марихуана табылды. Сондай-ақ есірткі заттарының іздері бар электронды таразылар, қаптамаға арналған полиэтилен пакеттер және әртүрлі дәрілік заттардың 100-ден астам бір реттік дозалары болды", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, аса ірі мөлшерде заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір есірткі сатумен айналысқан сыбайластар анықталуда", - деп жазылған хабарламада. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы