"Бағымызды тағы сынап көреміз". Салтанат Бақаева жаңалығымен көпшілікті таңғалдырды

Танымал әнші Салтанат Бақаева "1001 түн" бағдарламасында "Арнау" тобы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші "Арнау" тобының қайта құрылатынын айтты.

"Барынша тырысып жатырмыз. Негізі біз жұмыс барысында "Егіз-лебіз" әнін жаңа форматта шығарғымыз келген. Студияның жұмыстары бітпей жатыр. Сол ән шықса, бағымызды тағы да бір сынап көреміз бе деген үмітіміз бар", - деді ол.

Өнер иесі топтың не үшін тарап кеткенін айтты.

"Себеп көп болуы мүмкін. Әндерімізді әлі де тыңдап жатады. Біз жаңа ән шығарсақ, хит болмай жатыр. Менің ойымша, әр уақыттың өз талабы, талғамы бар. Кішкене уақыт өтіп кетті ме деп ойлаймын. Бір жағы әрқайсысымыз жеке шығармашылықпен айналысып кеттік. Жалпы "Арнау" тобына ән таңдарда Нұрданмен ақылдасамын. Жақында Жаңа жылдық кеште топ болып ән айттық. Қуанып қалдым. Себебі көбінесе Нұржан келісімін бермейді", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!