Танымал блогер күйеуіне бағалы сыйлық тарту етті

Блогер Мерей Әбілова күйеуінің туған күніне бағалы сыйлық тарту етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында туған күн кешінен видео жариялап, күйеуінің жаңа жасын қалай атап өткенін көрсетті. Блогердің жолдасы футболшы Димаш Қашкен бұл жолы туған күнін жақын достарымен бірге тойлаған. Блогер күйеуінің туған күніне бағалы Rolex сағатын сыйлаған. 

"Тост айтам деп жылап қалдым ғой. Димаштың туылған күніне сыйлығым осындай болды", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз