"Бір аптада үйлендік". Алматы облысының тұрғыны күйеуінен бұрынғы некесін жасырып келген

"Бір аптада үйлендік". Алматы облысының тұрғыны күйеуінен бұрынғы некесін жасырып келген
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Боралдай ауылының тұрғыны Жеңіс Сәлімбайдың келіншегі екінші баласын дүниеге әкелген соң, төркініне барып, кері қайтпаған. Оның айтуынша, келіншегі үйленгенге дейін тұрмыста болғанын, баласы бар екенін айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жеңіс Сәлімбайдың айтуынша, олардың ажырасқанына жарты жыл болған. Алайда әйелінің бұрынғы некесінен баласы бар екенін білмеген. 

"Жұмыстан келгенде тамақ істелмей, үй шашылып жатты. Сол кезде әйеліме 1-2 рет қол көтердім. Бұрын ішетін. Алимент туралы қыркүйекте естідім. Оны білмедім. Заңды некеге тұрмадық. Балама тегімді бердім. Оны қатты жақсы көремін. Қазір ол 3-те. Өзім қазір ресми жұмыстан шығып кеттім. Жаркент жақта мал бағамын. Алименттен қашпаймын. Ол бұрын екі рет некеде болған. Бір баласы бар. Соның бәрін менен жасырған. Екеуміз бір аптада танысып үйлендік. Бірақ отау құратын кезде сұрадым. Ол мұның бірін де айтпаған еді", - деді ол.

Жеңістің анасы да мұны растады.

"Үйде болғанда оған айқайламаймын, бәрін өзім тазалаймын. Кір машинаға салып, іш киімі, тіпті төсек жаймаларына дейін жуатынмын. Одан артық оған не істеуім керек еді? Бетін қақпаған соң білгенін істеді. Қазір немеремнің тағдырын ойлаймын. Отбасы боламын деген адам басқа біреуге кетіп қала ма? Екі күйеуде болғанын кейін білдік. Жеңіспен бір аптада танысып, тұрмысқа шыққан", - деді Жеңістің анасы Жанархан Сәлімбаева.

Әйелі Гүлжан Рашидқызы қазір әпкесінің қолында тұрып жатыр екен. Күйеуі жарты жылдан бері іздеп келмеген.

"Екінші баламның туған әкесі маған жала жабады.Бірақ ешқандай дәлелі жоқ. Екеумізге күн көрсетпейді, ұрады, соғады. Тұңғышымды өгейсітіп, қатты ұрады. "Маған масыл болдың" деп жиі айтатын. Сөреге тұңғыш ұлымды қамап қоятын. Соның кесірінен 8 жастағы балам әлі сөйлемейді", - дейді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы