"Кіндігін өзім кестім": Блогер Дархан Жолшыбеков екінші мәрте әке атанды

Танымал кәсіпкер, блогер Дархан Жолшыбеков екінші рет әке атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның әйелі Дариға қыз дүниеге әкелді.

"Қош келдің, қызым! Дарикорн, рақмет саған. Баршаға жұғысты болсын! Әлеуметтік желіден жоқ болып кеткенімнің себебі – осы. Босану процесіне қатысып, қызымды бірінші өзім көрдім. Кіндігін кестім. Құттықтап жатқан жандарға рақмет!", – деді ол.

Желі қолданушылары блогерді қуанышымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!