"Батыс технологиясы керек". Депутат АЭС-ті қай ел салуы керегін айтты

"Батыс технологиясы керек". Депутат АЭС-ті қай ел салуы керегін айтты
Фото: Самат Нұртазаның жеке мұрағатынан

Депутат Самат Нұртаза Қазақстанда салынатын АЭС құрылысына батыс технологиясы керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілі депутатқа "Елімізге АЭС салуға 4-5 мемлекет үміткер. Халық арасында "Ресейге салдыртпау керек" деген пікір бар. Бұл туралы не ойлайсыз?" деп сұрақ қойды.

"Бұл - алып-қашпа пікір. Нақты ақпарат бар. Оны Ресей сала ма, Оңтүстік Корея қолға ала ма әлі ешкім білмейді. Басты мәселе - АЭС-ті салдыруға халық келісе ме, келіспей ме? Себебі, Фукусмио мен Чернобыль апатын жақсы білесіздер... Бізге энергетикалық дербестік керек. Біріншіден, біздің елдің өзендері, яғни энергия көзі шет мемлекеттерден келеді. Екіншіден, біз әлем бойынша уран өндіріснен бірінші орындамыз. Өз басым АЭС салуды қолдаймын. Бірақ көпшілікті тыңдауға тиіспіз. Алдағы уақытта референдум өтеді", - дейді Нұртаза.

Депутат Ресейдің Қазақстанда АЭС салуына қатысты көзқарасы қандай екенін нақтылай кетті.

"Мен аса келісем деп айта алмаймын. Мәселе негізі Ресейде емес, мәселе кеңестік бұрынғы елдерде деп білемін. Мысалы бұған "Чернобыльдің трагедиясы" үлгі деп ойлаймын. Сондықтан батыстың технологиялары керек деп есептеймін. Әрине, бүкіл стандарттарды қарастыруымыз керек", - дейді мәжіліс депутаты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Ордабаев