Мамандарға ауылдан үй сатып алып беруге қомақты қаржы бөлінеді

Мамандарға ауылдан үй сатып алып беруге қомақты қаржы бөлінеді
Фото: 24.kz

Биыл мамандарға ауылдан үй сатып алып беруге 30 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

"2024 жылы "Ауыл - ел бесігі " бағдарламасы бойынша 500 ауылда 178,9 миллиард теңгеге 1400 жоба іске асырылады. Сонымен қатар, биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 3,7 мың маманға үй сатып алу үшін бюджет есебінен кредит беруге 30 миллиард теңге қарастырылды, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, биыл моно және шағын қалаларды дамыту үшін 8 моно және 9 шағын қалада 29 жобаны іске асыруға 21,2 миллиард теңге қарастарылған.

Биыл министрлік Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, сондай-ақ, Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру жөніндегі заң жобаларын әзірлейді.

Еске салайық, бұған дейін ауылда үй салғысы келетін жұмыс берушілерге 5 миллион теңге берілетіні хабарланды.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz