Атырауда балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталды

Атырауда балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Атырауда балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Мұндай жағдай балабақша балалардан флюорографиядан өтуін сұрағаннан кейін анықталған. Телеарна мәліметінше, ата-аналар балабақша басшылығы бұл жағдайды жасыруға тырысқанын айтып отыр.

Ал білім басқармасының өкілдері тәрбиешінің диагнозы тек 3 қаңтарда расталғанын хабарлады. Қазір балабақша карантинге жабылып, дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлдағы балабақшада қызметкерден туберкулез ауруы анықталғаны хабарланды. Бұл жағдай жыл сайынғы профилактикалық тексеріс кезінде анықталған.

Білім басқармасына Петропавлдың "Балдәурен" балабақшасының қызметкерінде туберкулез ауруын жұқтырғаны туралы ақпарат түскен. Осыған байланысты қызметтік тергеу жүргізу үшін құрамына денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлері кіретін жұмыс комиссиясы құрылған болатын. Ал қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жұмыстан босатылған еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова