Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Еліміздің басым бөлігінде боран соғып, ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды, Абай және Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады.

Сонымен қатар, Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу, Жамбыл облыстарында, Алматыда тұман түседі.

Астанада әлсін-әлсін қалың қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз кей жерлерде 25 м/с жетеді.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Теміртау" автожолы жабылғанын хабарлады. Онда көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz