"Екеуміз таласып қалдық". Танымал әнші Мәдина Ералиевамен қарым-қатынасы туралы айтты

"Екеуміз таласып қалдық". Танымал әнші Мәдина Ералиевамен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова Мәдина Ералиевамен қарым-қатынасы туралы "Отбасы альбомы" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші Мәдина Ералиева әпкесі жолын бергенін атап өтті.

"Бірде Қалдыбек Құрманәлі ағамыз "Шәмшінің кешін ұйымдастырып жатырмыз, қандай әнін айтасың?" деп сұрады. Мен "Сыр сұлуы" әні екенін айттым. Себебі кішкентай кезімізден біз хор боп айтатынбыз. Марқұм сол кезде Мадина Ералиева апамыз тірі еді. Қалдыбек аға оған да ұсынысты айтып, әнін сұраған екен. "Сыр сұлуын" айтамын, оны мен айтпағанда кім айтады, басты қатырма" деген екен. "Бұл әнді Жеңіс Ысқақова деген жас әнші айтам деп еді" дегенде, "жақсы онда, айта қойсын" деп жолын беріпті. Егер сол кезде Мәдина айтам десе, мен басқа ән айтушы едім. Бірақ Мадина апам жолын беріп, сол ән қоржыныма келді", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы