Танымал актриса тұрмысқа шықты

Көпшілікке танымал актриса, бірнеше сериалдың басты рөліне түскен Ұлбосын Шалқарова тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жаңалықты актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Күйеуі де өнерден алыс емес. Актриса режиссер, сценарист Олжас Нұрбайға тұрмысқа шықты.

Актрисаның әріптестері де оны бұл қуанышымен құттықтап, лебіздерін білдіріп жатыр. Желі қолданушылары да өз тілегін білдіріп, пікір білдірген.

Айта кетейік, Ұлбосын Шалқарова "Сұңқар", "Қара шаңырақ",  "Аяулы арман", "Бажалар", т.б. туындылары арқылы көпшілікке таныс.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!