"Осы сұрақпен жылатқан екенмін". Әнші Құрмаш Маханов алғаш рет ата-анасы туралы айтты

Әнші Құрмаш Маханов "Алғашқы" бағдарламасында ата-анасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әкесі жастайынан жетім қалған екен.

"Әкеміз 2 жасында ата-анасынан айырылып қалған екен. Кішкентай кезімде әкеме "атам қайда?" деп сұрақ қойыппын. Сол әкеме қатты тиіп, жылап қалыпты. Анам айтып берді. Бұл - жауапсыз сұрақ", - деді әнші.

Әнші әлі күнге дейін ата-анасын сағынатынын айтты.

"Әкемді белгісіз нәрсеге қимаймын. Оның өмірден өткені, үйге кісілердің келгені, жылағаны , барып жерлегеніміз есімде. Сол сәтті мен қабылдағанмын. Әке-шешені ойламау, іздемеу мүмкін емес нәрсе сияқты. Жақсы жетістікке жеткенде "ол кісі де қасымда болса ғой" деген сәттер көп. Қиналғанда, ержете бастаған кезде әке мен анаға қатысты сұрақтар болады", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!