"Мысырға кетіп қалдым". Құрмаш Маханов жеке өмірі туралы ашық айтты

"Мысырға кетіп қалдым". Құрмаш Маханов жеке өмірі туралы ашық айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Құрмаш Маханов "Алғашқы" бағдарламасында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі өмірінің қиын-қыстау кезеңдерінің бірінде Мысырға кетіп қалған.

"Алдыңнан шыққан бір сынаққа мекен өзгерту, басқа жаққа көшу секілді амал-әрекеттер болады ғой. Мысырға көшу соның бірі болды. Мысырдан келген соң жақсы болдым. Алғашқы жарыма "бөлек тұрып көрейік" деп айттым. Содан кейін айқай-шусыз ажырастық. 2,5 жылдан соң басқа адаммен қайта шаңырақ көтердім. Балалармен, олардың анасымен байланысым үзілген жоқ. Қазіргі жарым да балаларыммен етене жақын қарым-қатынаста", - деді әнші.

Әншінің ағасы өнер иесінің сол кезеңдерде өнерден алыстап кетуінің себебін түсіндірді.

"Үйлену оңай, үй болу қиын ғой. Құрмаш Мысырға барып, оқу оқыды. Сол екі ортада ажырасты. Үш балаға қамқор болып қалды. Сол кезеңдерде соны жасырмақ болып, өнерден алыстаған сияқты", - деді әншінің ағасы.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы