"Ұлым "тұрмысқа шық" деді". Танымал әнші жолдасымен не үшін ажырасып кеткенін айтты

Әнші Сиви Махмуди "Қызықты weekend" бағдарламасында бұрынғы жолдасымен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі жолдасынан алыстау үшін Шымкентке көшкенін айтты.

"Біз күйеуіммен ұрсысқан жоқпыз. Бір кезеңдерде ортақ тұрған үйімізді сататын болып шештік. Сол кезде ойланып, бөлек пәтер алуды, бөлек өмір сүруді шештім. Кейін ажырасу туралы шешім қабылдадым. Бірақ балалармен араласуына қарсы болмайтынымды айттым. Түбегейлі Шымкентке көштім. Алматыда жүрсем, "ол мені көндіріп қалады" деп ойладым. Балаларым әкесін сағынбайды, өйткені оларды әкесі іздемейді. Үлкен ұлым есейді,  маған "тұрмысқа шығыңыз" деп көп айтады", - деді әнші.

Әнші болашақтағы жеке өміріне қатысты жоспарымен бөлісті.

"Тұрмысқа шығып, балалы болғым келеді. Күш-қуат бар кезде баланы дүниеге әкелгім келеді. Әрекетке берекет, бірақ жар болатын азаматымды әлі жолықтырмадым. Қандай азамат жолығатынын білмеймін. Болашақта үлкен той қылып, бәріне жария еткім келмейді", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!