Оралда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

Оралда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 қаңтарда сағат 20:05 шамасында "Октан" жанармай құю станциясының шамасында айналмалы тас жолда үш автокөлік жол апатына түсті. Оқиға орнынан ауруханаға 5 азамат жеткізілді. Бір жолаушы ауруханаға барар жолда алған жарақаттар салдарынан қаза болды.

Бұл жағдай бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайлары анықталып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз