Дәрігер бақытты болудың 4 ережесін ұсынды

Дәрігер бақытты болудың 4 ережесін ұсынды
Фото: pixabay.com

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында бақытты болудың маңызды ережелерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, бақытты өмір сүру үшін деніңіз сау болу керек. Ал ол үшін мына ережелерді сақтау маңызды:

1-ереже: өзіңді құрметтеу

Тәніңіз – сый-құрметке әбден лайық! Сол үшін мына нәрселерге мән беріңіз:

  • Қажетті нутриенттер қабылдаңыз;
  • Пайдалы, сапалы тағам жеңіз;
  • Ұйқыңызды қандырыңыз (22:00-де жатып, таңертең 6:00-7:00-де тұрыңыз);
  • Спортпен айналысу маңызды.

2-ереже: өзіңе күтім жасау

Көбі тәнді энергияның таусылмас көзі деп ойлайды. Егер ағзаға күтім жасамаса, ресурс қартаймай жатып таусылып қалуы мүмкін.

Міндетті түрде мына нәрселерді жасаңыз:

  • Жылына бір рет медициналық тексерістен өтіп тұру;
  • Ақыл-ой, ми саулығы үшін өзіңізге демалыс беру;
  • Дәрумендер жетіспеушілігін болдырмас үшін нутрицевтиктер қабылдау;
  • Ауырғанда шыдап жата бермей дәрігерге көріну.

3-ереже: өзіңді жақсы көру

  • Әртүрлі аурудан қиналмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыз;
  • Ағзаға түсетін әрбір асты саналы түрде таңдаңыз;
  • Депрессиядан, жүрек-қан тамырлы және аутоиммунды аурулардан қорғану үшін өзіңізді күтіңіз;
  • Ағзаның қажеттілігін тани алуыңыз керек.

4-ереже: өзіңе қымбат дүние ретінде қарау

Денсаулықты сақтаңыз:

  • Темекі шегіп, арақ ішпеңіз;
  • Өнімді таңдар кезде қаптамасын мұқият оқып барып сатып алыңыз;
  • Ыдыс пен тұрмыстық құралдар сапалы болсын;
  • Фастфуд және құрамында трансмайлар бар тағамнан бас тартыңыз.
А. Жапатова