Қыста бассейнге барудың денсаулыққа пайдасы қандай?

Қыста бассейнге барудың денсаулыққа пайдасы қандай?
Фото: pixabay.com

Бассейн – жылдың кез келген мерзімінде спортпен айналысуға және босаңсуға арналған керемет жер. Көпшілік адам салқындау үшін және күннің астында жату үшін бассейнге жазда барғанды жөн көреді. Алайда бассейнге қыста барудың да біршама пайдасы бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бассейн физикалық форманы жақсартады

Қыста даладағы белсенділік шектеулі болады. Сондықтан бассейнге бару физикалық формасын сақтағысы немесе жақсартқысы келетін адамдар үшін жақсы балама бола алады. Жүзу – барлық бұлшықет тобын жаттықтыратын ең пайдалы физикалық белсенділік түрі. Қыста бассейнге бару бұлшықеттерді қатайтуға, төзімділікті арттыруға және қозғалыс координациясын жақсартуға көмектеседі.

Иммунды жүйені қатайтады

Қыста бассейнге барудың басты артықшылығы – оның иммунды жүйені қатайтуы. Суық су ағзаны ынталандырады: ол ағзаны көбірек ақ қан жасушаларын бөлуге мәжбүрлейді. Бұл иммунитетті қатайтуға көмектеседі және ағзаны түрлі ауруларға төзімді етеді.

Көңіл күйді жақсартады

Бассейнге түсу адамның эмоциялық жағдайына жағымды әсер етеді. Физикалық белсенділік кезінде бақыт гормондары – эндорфиндер бөлінетіндіктен, адам сергек әрі позитивті бола түседі. Қыста бассейнге бару күйзеліспен күресуге және жалпы жан-дүниеміздің жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Ұйқыны жақсартады

Қыста бассейнге барсаңыз, ұйқы сапасы жақсарады. Бассейндегі физикалық бесенділік ағзаға босаңсуға және жиналып қалған күйзеліспен күресуге көмектеседі. Бұл терең әрі сапалы ұйықтауға ықпал етеді, ал ол өз кезегінде жалпы хал-жағдайға жағымды әсер етеді және жұмысқа қабілеттілікті арттырады.

Оқи отырыңыз: Бассейнде өзіңізді қалай ұстайсыз?

А. Жапатова