Алматыда жасөспірімдер петардадан жантүршігерлік жарақат алды

Алматыда балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматологтары петарда жарылып, зардап шеккен 13 және 16 жастағы екі жасөспірімге ота жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"13 және 16 жастағы екі жасөспірім біздің орталықтың травматология бөлімінің қабылдау бөліміне шұғыл түрде түсті. Екі науқаста біріктірілген жарақаттар бар: оң қолдың ашық сынуы, тенордың, саусақтың ортаңғы нервінің, оң қолдың саусақаралық кеңістігінің зақымдануы бар кең көгерген жаралар. Беттің, кеуде қуысының, екі қолдың термиялық күйігі және травматикалық шок", - деді травматолог Қуаныш Керімше.

4 қаңтарда қауіпті "ойыншықпен ойнаған" тағы үш бала ауруханаға түскен. Олар атыолмай қалған петарданы жинап, жармақ болған. 

Салдарынан үшеуі де ауыр жарақаттар алған: петарданы ұстап тұрған бала оң қолын зақымдап алса, екіншісінің беті күйіп қалған, ал үшінші баланың көзі зақымдалып, ауруханаға түскен.  

"Темекі шегуге болмайды". Петарда және басқа да пиротехниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Айта кетейік, бұған дейін Massaget.kz тілшісі петарда және басқа да пиротехниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелер туралы түсіндірген болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!