Өткен тәулікте құтқарушылар 79 адамды іздестіріп, құтқарды

Өткен тәулікте құтқарушылар 79 адамды іздестіріп, құтқарды
Фото: ТЖМ

Өткен тәулікте құтқарушылар 79 адамды іздестіріп, құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштеріне 152 қоңырау түскен. Оның 73-і өрт пен жану оқиғаларына, 79-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға.

Бұл ретте 43 адам, құтқарылып және эвакуацияланды.

"ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!", - делінген ТЖМ хабарламасында. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина