Қызылордада үшем дүниеге келді

Қызылордада үшем дүниеге келді
Фото: Облыстық перинаталдық орталық

Қызылордада үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер бүгін перзентханадан үйіне шығарылды. Жалпы облыста туу көрсеткіші бойынша айтарлықтай өсім бар.

Былтыр өңірде 11 мыңнан аса сәби өмірге келсе, соның ішінде 171 егіз, үш үшем дүниеге келген. Жаңа жылға Қазбековтер әулеті де осындай қуанышқа жетіп, үшемнің анасы Ақбота бір сәтте көпбалалы ана атанып отыр.

"Балапандарымды аман-есен дүниеге әкеліп, аман-есен босандым. Қазір енді менің де, балалардың да жағдайы жақсы. Бір ұл, екі қыз. Ұлдың есімі - Әлинұр, қыздардың есімі - Адина мен Медина", - дейді үшемнің анасы Ақбота Әбсаттар. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек