Талдықорғанда 14 жастағы қыз жоғалып кетті: күдікті анасы мен өгей әкесі ұсталды

Талдықорғанда 14 жастағы қыз жоғалып кетті: күдікті анасы мен өгей әкесі ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Талдықорғанда 14 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"14 жастағы қыздың жоғалу дерегіне байланысты күдікті деп танылған қыздың туған анасы мен TikTok-та шағымданған өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілерге қатысты заңсыз тергеу әдістері расталған жоқ.

"Алғашқы күннен бастап адвокаттарға тергеу амалдарына қатысуға мүмкіндік берілген.Тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деп мәлімдеді полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан